Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нұр-Сұлтанда екі супермаркет алыпсатарлық үшін жазаланды

Нұр-Сұлтан қаласындағы екі супермаркетке алыпсатарлық үшін 277 мың теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дүкен

"Олар кейбір бірінші қажеттіліктегі азық-түліктер бағасын 60 теңгеден аса қымбаттатқан", - деді қала әкімдігінде.

Әкімдіктің мәліметінше, прокуратура, әкімдік және мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінен құрылған шұғыл топтар барлық сауда нысандарын күнделікті аралап жүр. Олар дүкендер мен супермаркеттердің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының шекті бағасын сақатауын қадағалайды.

Кезекті тексеу кезінде екі супермаркетте "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті бөлшек сауда бағасын енгізу туралы" бірлескен бұйрығының ережелері бұзылып, бағаның қымбаттауы анықталды. Атап айтқанда, шекті бағасы 197 теңгеден аспауы тиіс 1-ші сортты ұнның килограмы 230 теңгеден сатылған. Ал шекті бағасы 307 теңгелік күріш – 1 кг үшін 371 теңгеден, шекті бағасы 481 теңгелік күнбағыс майы – 505 теңгеден сатылған.

Алматы ауданы әкімдігімен ұсынылған деректер негізінде 1 сауда субъектілеріне қатысты ҚР ӘҚБК-нің "Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерінің артуы" бабы бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасалды. 100 АЕК немесе 277 800 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.


Рамазан айы 2020. Нұр-Сұлтан қаласы үшін Ораза кестесі

Талқылау