Нұр-Сұлтанда 5 жасар қызды өлтірген қылмыскер өмір бойына сотталды
Нұр-Сұлтанда бірге тұратын әйелінің 5 жасар қызын өлтірген ер адам өмір бойына бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде елордалық соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты алқабилердің қатысуымен жас бала Д.-ны өлтіру фактісі бойынша К.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды", – делінген ақпаратта.
Сотта азамат K.-ның алкогольді ішімдіктерді ішіп, бірге тұратын әйелдің 5 жасар қызына көптеген соққылар келтіріп, одан бала есін жимастан, қайтыс болғаны анықталған.
- Көршісі зорлады: Үржарлық 9 жасар қыз Семейдегі ауруханаға жатқызылды
- Түркістанда әйелін балаларының көзінше ұрып өлтірген ер адам 17 жылға сотталды
Алқабилер алқасы өмір бойы бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға толық құрамда дауыс берді.
Апелляциялық шағымда сотталған адам кінәсіздігіне сілтеме жасай отырып, үкімнің күшін жоюды сұрады.
Сот алқасының 2022 жылғы 1 қыркүйектегі қаулысымен үкім өзгеріссіз қалдырылды, өйткені оның күшін жоюға негіздер анықталған жоқ.
"Тарифтер өсіп, мобильді аударымдарға бақылау күшейеді": 1 сәуірден бастап Қазақстанда не өзгереді
Сәуір айында болатын өзгерістерге шолу жасадық
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік
Үйленуді жоспарлап жүрген Ескендір Сүлейменов 26 жасында өмірден өтті