Нұр-Сұлтанда бала сегізінші қабаттан құлап кетті
Нұр-Сұлтанда төрт жасар бала сегізінші қабаттың терезесінен құлап кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елорданың полиция департаментіне сілтеме жасап.

"2 тамызда сағат 20:37-де полицияға Иманбаева көшесіндегі сегізінші қабаттың терезесінен төрт жасар баланың құлап кеткені туралы хабарлама келді. Бала пәтерде ата-анасымен бірге болған. Терезенің үстінде ойнаған нәресте сегізінші қабаттан құлап кетті. Қайғылы жағдайды баланың әкесі көрген. Ол баласын құтқарып үлгермеді. Бала алған жарақатынан оқиға орнында қайтыс болды", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, жыл басынан бері елордада 25 бала терезеден құлаған, оның үшеуі қайтыс болған. Полиция ата-аналардан балаларын қараусыз қалдырмауды және ашық терезелердің жанында ойнауға рұқсат бермеуді сұрайды.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар