Нұр-Сұлтанда 3 жасар қыз көз жұмды: Өгей әкесі тұтқындалды
Нұр-Сұлтан қаласында полиция ер адамды тұтқындады. Ол 3 жасар өгей қызын өлтірді деп күдіктеліп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, түрлі жарақат алған 3 жасар қыз шілде айының басында ауруханаға жатқызылған. Өкінішке орай, артынша ол көз жұмыпты.
Бүгін қайтыс болған бүлдіршіннің өгей әкесі ҚР Қылмыстық кодексінің «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіріп, салдарынан өліміне алып келу» бабы бойынша күдіктеліп, тұтқындалғаны белгілі болды.
Еске сала кетсек, бұған дейін елордадағы ауруханалардың бірінде 3 жасар бала көз жұмған еді.
ІІМ мәліметіне сәйкес, баланың дұрыс емес отбасында өмір сүргені анықталған. Анасына бостандығын шектеуге үкім шығарылған. Өгей әкесі де бұрын сотталған.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген