Нұр-Сұлтан маңында лауазымды полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан кенті ауданында оқыс оқиға болды. Полиция қызметкері жол-көлік апатынан көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Ақмола облысы Целиноград ауданы Қажымұқан кенті ауданында оқыс оқиға болды. Полиция қызметкері жол-көлік апатынан көз жұмды.
Елордалық полиция департаменті ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
Павлодар облысында полиция қызметкері асылып өлді
"30 жастағы жүргізуші рөлді басқара алмай, Lexus GS 300 автокөлігін аударып жіберген. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкері 35 жастағы жолаушы алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Аталған факті Ақмола облысының полиция департаментінде тіркелген, тергеу жүргізілуде", – деп хабарлады құқық қорғау органдары.
Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, марқұм Сарыарқа ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің қылмыстық іздестіру бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген. Көлік рөлінде тағы бір полиция қызметкері отырған.

“Үш жерде жұмыс істесем де, отбасымды асырауға жетпеді”: Шотландияға кеткен отандасымыз Қазақстандағыдан 10 есе көп жалақы алатынын айтты
