Павлодар облысында полиция қызметкері асылып өлді
Павлодар облысында асылып қалған полицейдің денесі табылды. ПД мәліметінше, тәртіп сақшысы өзіне қол салған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"5 шілдеде сағат 23:40-та Ақсу қаласында өзін-өзі асып өлтірген полиция майорының денесі табылды. Бұл факт бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді Павлодар облыстық полиция басқармасы бастығының орынбасары Жандос Орумбаев.
Қазіргі таңда полицейдің бұл әрекетіне не түрткі болғаны анықталуда.
"Сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады", – деді Орумбаев.
Басқа мәліметтер туралы әлі хабарланбады.
Айта кетсек, Тергеу жүргізіліп жатқан "Суицидке апару" бабы санкцияларында 3-5 жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе шектеу жазасы қарастырылған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды