Нұр-Сұлтан маңында автобус пен 11 көлік соқтығысты
Нұр-Сұлтан-Қосшы тас жолында 12 көліктің қатысуымен жаппай жол апаты орын алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға орнында түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады. Кадрлардан автобус пен бірнеше көліктің қатты зақымдалғанын көруге болады.
Полициядағылар жол-көлік оқиғасының 23 наурызда 14:30-да болғанын мәлімдеді.
"Қосшы қаласынан Нұр-Сұлтан бағытындағы тас жолда 12 көліктің қатысуымен жол апаты орын алды. Апатқа жылдамдық режимін сақтамау себеп болған. Қаза тапқандар жоқ. Жарақат алған үш адам дәрігер қарауынан кейін үйлеріне қайтарылды", - деді департаменттегілер.
Аталған дерек бойынша тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр.
"Тәртіп сақшылары қиын жағдайға тап болған көлік жүргізушілеріне көмек көрсетуде, сондай-ақ қоғамды тәртіпті және азаматтар қауіпсіздігін қадағалайды", - деп қосты патрульді полиция кезекші бөлімінің басшысы Айбек Нартпаев.
Қазақстан әскеріндегі шулы істер: Сарбаздар өлімі бойынша кімдер сотталды
Қоғамда үлкен резонанс тудырған және сот үкімімен аяқталған істерді жинадық
"Үйде нан бар деп күлді": Көршісінің шелпегін алмай қойған қыздың әрекеті желіде дауға ұласты
Оқырмандардың бірі "шелпектің қандай қолмен дайындалғанын кім білсін?" деп айтқан