Нұр-Сұлтан кафесінде болған жарылыс: Үш адамның жағдайы аса ауыр
Нұр-Сұлтандағы кафеде болған жарылыстан кейін үш адам жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, олардың бірінің жағдайы аса ауыр, екеуінің жағдайы ауыр.
Барлығы 23 адам 1 және 2 көпсалалы ауруханаларға жатқызылды. Жеңіл жарақат алған 11 жәбірленуші амбулаториялық емделуге жіберілді.
"Науқастардың көпшілігі әртүрлі дәрежедегі термиялық күйіктермен, орташа ауырлықтағы көміртегі тотығымен уланумен, политравмамен ауруханаға жатқызылды", - дейді денсаулық сақтау басқармасы.
Нұр-Сұлтан кафесінде болған жарылыс бойынша қылмыстық іс қозғалды
21 қараша күні түсте елорда кафелерінің бірінде газ балон жарылған.
Нәтижесінде ас үйдің төбесі құлап түсті. Жарылыс кезінде ғимаратта болған әйел ауруханада қайтыс болды. 30-дан астам адам жарақат алды. Оларға көмек көрсетіліп жатыр.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр