Нұр-Сұлтан әуежайы қалың қарға байланысты уақытша жабылды
Нұр-Сұлтан әуежайында қалың қарға байланысты 12 рейс тоқтатылды, қалаға келе жатқан 9 рейс қосалқы аэродромға жіберілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитеті мәлімдеді.
Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, ауа райының қолайсыздығына байланысты түнгі сағат 02:30-дан 09.00-ге дейін елорда әуежайы ұшу-қону жолағын қардан тазарту үшін уақытша жабылды.
Ауа райына байланысты Нұр-Сұлтаннан ұшатын 12 рейс шегерілді, ал қалаға бағыт алған 9 рейс қосалқы аэродромға жіберілді.
Жолаушылар рейстер туралы ақпарат алуы үшін әуе компанияларының анықтама қызметтеріне хабарласып отырғаны жөн.
Ұшуы кешіктірілген рейстер:
- KC956 Алматы
- FZ 1706 Дубай
- КС 921 Франкфурт
- КС 407 Шымкент
- DV 741 Ақтау
- КС 207 Дубай
- КС 981 Атырау
- КС 622 Алматы
- КС 7315 Қызылорда
- SU 1957 Мәскеу
- КС 123 Ташкент
- КС 977 Ақтөбе
Қонуы кешіктірілген рейстер:
- IQ 386 Қарағанды
- DV 722 Ақтөбе
- КС 984 Атырау
- КС 7328 Шымкент
- КС 314 Ақтау
- КС 138 Санкт Петербург
- FZ 1705 Дубай
- SU 1956 Мәскеу
- КС 918 Алматы
*КС (3 сан) - Air Astana
*КС (4 сан) - FlyArystan
IQ - Qazaq air
FZ - Fly Dubai
DV - SCAT
SU - Aeroflot
Талқылау