Нұр-Сұлтан әуежайы ауа райының қолайсыздығына байланысты жұмысын тоқтатты
Нұр-Сұлтанда ауа райының қолайсыздығына байланысты халықаралық әуежай жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы әуежайдың баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов мәлімдеді.
"Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы елордадағы ауа райы жағдайына байланысты жабылды. Жолаушылар рейстерге қатысты соңғы ақпаратты әуе айлағы ақпараттық қызметінен және әуекомпанияның байланыс орталықтарынан ала алады", - делінген хабарламада.
Әуежай елордада сағат 19.00-ден 23.00-ге дейін дауылды ескерту жарияланғанын еске салады.
Еске салсақ, осыған дейін Нұр-Сұлтаннан барлық бағыттағы жолдар жабылғанын "ҚазАвтоЖол" хабарлады. Сонымен қатар, Қарағанды облысында барлық бағытта көлік қозғалысы шектелді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан