Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Нүкенова түсті делінген интим видеоны Бишімбаевқа біреу әдейі жіберген - Бишімбаевтың адвокаты

Бүгін Қуандық Бишімбаев ісіне қатысты сот сөзжарысы болып жатыр. Экс-министрдің қорғаушыларының бірі Лейла Рамазанова Нүкенова таспаланған интим видеоны Бишімбаевқа біреу әдейі арандату мақсатында жібергенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Қорғаушы тарап Лейла Рамазанова сот жарыссөзі аясында сөз сөйлейді:

“Нүкеноваға қатысты қатыгез және ар-намысын таптайтын, оның порноға түскені туралы әлеуметтік желілердегі ақпарат айыптау актісінде бар. Егер әйел мұндай порнофильмдер мен порноматериалдарға түспесе бұл мәселе оның беделіне нұқсан келтіріп, психикалық салмақ түсіре алмайды. Және мен видеодағы ол ма, басқа ма – білмеймін. Маңыздысы – мұны біреу Қуандық Бишімбаевқа әдейі, әйелі Нүкеновамен ұрсысып қап, ол кезекті мәрте кетіп қалсын деген ниетпен жіберілген”, – деді. 

Сонымен қатар ол Нүкенова ағасымен хат алмасу кезінде бәріне өзі кінәлі екенін айтқанын еске салды. Рамазанова Салтанаттың сөздерін келтірді: 

“Салтанат Нүкенова ағасы Айтбек Амангелдімен хат алмасу кезінде ұрып-соққанына өзі кінәлі екенін айтты. Кез келген адамды осындай жағдайға жеткізуі мүмкін екенін, оны Айбек жақсы білетінін жазған”, - деді адвокат. 

Рамазанова қыз өзін ұрды деп полиция өкілдеріне арызданбағанын атап өтті.

Бұған дейін Рамазанова "сотталушының кінәсі – оның адамдығы" деп мәлімдеп, Нүкенова жағдайды өзі тілеп алды деген еді.

Талқылау