Сауд Арабиясының кейбір аудандарын қар басты
Сауд Арабиясының кейбір аудандарында жаңбыр мен бұршақ жауып, салдарынан таулы аймақтарында қар пайда болды. Ыстық ел енді суық ауа райын сезініп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кhaleejtimes порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: SPA
Сауд Арабиясының баспасөз агенттігінің мәліметінше, өткен сәрсенбіден бастап Әл-Джауф корольдік аймағының кейбір аудандарында бұршақ пен нөсер жаңбыр жауған. Кейін таулы аймақтарды қар басып, таңғажайып қысқы көрініс жасады.
Бұл қатты жауын-шашын салдарынан сарқырамалар пайда болып, қыстың басталуы мен кейін көктем мезгіліндегідей табиғат көрінісін тудырды. Лаванда, хризантема және көптеген хош иісті өсімдіктер сияқты маусымдық жабайы гүлдерімен танымал, Аль-Джауфтың ландшафты жақында жауған жаңбырдан табиғи сұлулыққа толы.
Сауд Арабиясының метеорологиялық басқармасы алдағы күндері әл-Джауфтың көптеген аудандарында найзағай болуы мүмкін екенін ескертті.
Синоптиктер алдағы уақытта аумақта бұдан да қатты нөсер жаңбыр, бұршақ пен қатты жел болады деп болжап отыр.
Сонымен қатар 14 қазанда БАӘ Ұлттық метеорология орталығы (NCM) да кейбір аудандарда жауын-шашын, найзағай және ықтимал бұршақ болатыны туралы ескерту жасады.