2000 жыл бұрын салынған ежелгі Рим бөгеті Испанияның бірнеше қаласын су тасқынынан құтқарды
Шамамен 2000 жыл бұрын салынған ежелгі Рим бөгеті Испанияның Альмонасид-де-ла-Куба қаласын су тасқынынан құтқарып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Еl español басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Видео кадрларынан
Оқиға орнынан түсірілген кадрларда римдік Альмонасид-де-ла-Куба бөгетінің (Сарагоса провинциясы) шамамен 2000 жыл өткен соң тағы да тиімділігін көрсеткен.
Деректерге сай, бөгет су ағынын елді мекеннен басқа бағытқа ағызып жіберуге мүмкіндік берді. Нәтижесінде өзге де испан қалаларында құрбандар мен қиранды болмады. Нәтижесінде Алмонасид-де-ла-Куба қаласына су тасқынынан ешқандай зақым келмеді.
Бөгет біздің дәуіріміздің I ғасырының екінші жартысында император Августтың кезінде салынған. Бұл – әлемдегі барлық сақталған Рим бөгеттерінің ішіндегі ең биігі. Ол халық арасында Куба деп аталады.
Almonacid de la Cuba aliviando lo bestia. https://t.co/WskiMiZWQe pic.twitter.com/L7Y5yrs2iF
— Isaac Moreno Gallo (@imorenogallo) October 30, 2024
Алматыда "ауған майналары" көбейіп барады: Бұл несімен қауіпті?
Торғайлардың азаюына нақты майна себеп болып отыр деген қорытынды жасауға жеткіліксіз
"Құлдықта болуы мүмкін": Жетісу облысында далада адасып кеткен малшы қарияның видеосы жұртты алаңдатты
Желі қолданушылары: "Жақсы қараса бұлай жүрмес еді, әбден қажығаны көрініп тұр"