Нөсер жауын мен боран: Қазақстанда алдағы үш тәулікте күн суытады
Синоптиктер 21-23 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ресейдің Мурманск қаласы жағынан келген жаңбыр мен қар аралас циклон салдарынан 22 қазанда еліміздің шығысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда нөсер жауын жауады, көктайғақ болып, жел күшейеді.
Солтүстікте, орталықта және шығыста боран соғуы ықтимал. Оған қоса, ауа температурасы түнде -3, +2 градусқа дейін төмендейді, күндіз 2-10 градус аралығында болады.
Қаңтарда минус 35-40°С аяз: Синоптиктер биыл Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты
22 қазаннан бастап еліміздің батыс өңірлеріне антициклон әсер етеді. Осыған байланысты жауын-шашын біртіндеп тоқтап, күндіз ауа температурасы 15-22 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі