AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
AAPL
157.87 $
2.85 %
TSLA
1096.38 $
0.68 %
NDAQ
208.7 $
-0.59 %
GOOGL
2996.77 $
1.21 %
FB
338.69 $
-0.61 %
FRHC
70.79 $
-0.21 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қаңтарда минус 35-40°С аяз: Синоптиктер биыл Қазақстанда қыс қандай болатынын айтты

Қазгидромет синоптиктері қыстың үш айына консультативті болжам ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Синоптиктердің болжамынша, биыл Қазақстанда қыс климаттық нормаға жақын болады.

Желтоқсанда cолтүстік аймақтарда қарлы боранмен күндер саны артып келеді, ал оңтүстік аймақтарда тұман мен көктайғақ жиі байқалады. Желтоқсан айында жауын - шашын мөлшері республиканың басым бөлігінде нормадан аз, еліміздің солтүстік жартысы мен шығысында норма шамасында, ҚР қиыр солтүстігінде нормадан көп болады деп болжанады.

Қаңтар - жылдың ең суық айы, өйткені Моңғолия аймағынан антициклонының әсері күшейе түседі. Түнгі сағаттарда термометр бағаналары ҚР солтүстік жартысында -35-40°С-қа дейін, оңтүстігінде минус 22-30°С-қа дейін төмендеуі мүмкін. Орташа ай лық ауа температурасы республика аумағының басым бөлігінде нормадан 1-2° төмен, еліміздің қиыр батысында, оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында норма шамасында болады деп күтілуде. Республика бойынша жауын-шашын мөлшері көпжылдық нормадан аз, еліміздің қиыр солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және Алматы облысының оңтүстік-шығысында - норма шамасында болжанады.

Ақпан қыс мезгілін аяқтайды, бірақ оның климаттық сипаттамалары мен айналым ерекшеліктері қаңтарға өте жақын. Қар мен боран, әдетте, Қазақстанның солтүстік жартысында сақталады. Орташа айлық ауа температурасы ҚР аумағының басым бөлігінде норма шамасында, республиканың оңтүстік-шығысында нормадан 1° жоғары болады деп күтілуде. Жауын-шашын республиканың басым бөлігінде норма шамасында, еліміздің оңтүстік-батыс жартысында, Орталық Қазақстанның батысында нормадан аз, республикамыздың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында нормадан көп болжанады.

Қазақстанның оңтүстігі үшін Наурыз - әдеттегі көктем айы, ал солтүстік облыстарда қыс әлі де жалғасуда. Наурызда ауа райы қатты өзгеріп тұрады. Наурыз айы ауа температурасының күрт ауытқуымен және жиі жауын-шашынның жаууымен сипатталады. Болжам бойынша көктемнің алғашқы айы суық болады деп күтілуде. Қазақстан аумағының басым бөлігінде орташа айлық ауа температурасы нормадан 1-2° төмен, ал ҚР-ның қиыр батысында норма шамасында болады деп күтілуде. Наурызда жауын-шашын мөлшері республиканың солтүстік жартысында және қиыр оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында норма шамасында, елдің оңтүстік жартысында нормадан аз болады деп болжанады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр