Әлемдегі ең кәрі король дертінен кейін де тағын босатудан бас тартты
Биыл ақпан айында әлемдегі ең қарт монарх деп есептелетін Харальд Малайзияға сапары кезінде ауруханаға инфекция жұқтырды деп жатқызылды. Алайда кейін оған жүрек ырғағының орнын толтыру үшін кардиостимулятор орнатылғаны белгілі болды. Отадан кейін патша екі айға жуық жұрт алдына шықпады. Норвегия королі V Харальд инфекцияға байланысты ауруханаға түскеннен кейін қызметіне оралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Reuters сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: tvspb.ru
Харальд жасына және денсаулығына қарамастан тақтан бас тартып, зейнетке шығуды жоспарламайтынын мәлімдеді. Ол өмірінің соңына дейін патша болып қызмет етуге ант беремін деп түсіндірді.
Сарай әкімшілігі алдағы уақытта монархтың кестесінде өзгерістер болатынын хабарлады. Енді ол ресми іс-шараларға сирек қатысып, ауқымы да қысқарады.
Патша қатерлі ісікпен ауырып, жүрегіне ота жасалғанына қарамастан ол қартайған шағында да белсенді өмір салтын жүргізуге тырысады.
2016 жылы ол Онтарио көліндегі желкенді спорт бойынша әлем чемпионатына қатысып, тіпті Сира яхтасының бортында түнеген кезде "Теңізшілер патшасы" деген лақап атқа ие болды.
Еске салайық, ақпан айының басында Ұлыбритания королі Чарльз III қатерлі ісікке шалдыққаны туралы хабарланған еді. Букингем сарайы бұл ауру 75 жастағы монархта қуық асты безінің ұлғаюына байланысты емдеу процедуралары кезінде анықталғанын мәлімдеді.