Ұлыбритания королі III Чарльзден қатерлі ісік анықталды
Букингем сарайының баспасөз қызметі дәрігерлердің Ұлыбританияның қазіргі королі III Чарльзге қатерлі ісік диагнозын қойғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: royal.uk
Монарх сырқатына байланысты қоғамдық міндеттерін уақытша кейінге қалдырды. Десе де, король ресми құжаттарды қарап, мемлекеттік істерді жүргізуді жалғастыра бермек.
“III Чарльз қуықасты безінің ұлғаюына байланысты ота жасау үшін ауруханаға жатқызылған еді. Ота сәтті өтіп, ол ауруханадан шықты. Кейін диагностикалық тестте оның қатерлі ісікке шалдыққаны анықтылды”, – делінген хабарламада.
Сарайдың баспасөз қызметі корольдің тұрақты түрде ем алуды бастап кеткенін мәлімдеді.
Айта кетейік, III Чарльз 2022 жылдың қыркүйегінде анасы II Елизавета қайтыс болғаннан кейін таққа отырды. 6 мамырда Ұлыбританияда III Чарльз патшаға тәж кигізу рәсімі өткен еді.
Қазақстанда клининг мамандығы колледждерде ашылмақ: Болашақ мамандар қайда оқиды
Оқу ағарту министрлігі клининг мамандықтарын оқыту жоспарда бар екенін хабарлады
Қазақстандықтар брендтердің "қара тізімін" жасады: Кімге және не үшін бойкот жарияланды?
Жазба астындағы пікірлерде Jah Khalib есімі көп кездеседі