16 жастағы қызға көз салған ер адамды көршілері төрт күн бойы азаптап өлтірген
Аустралияда 16 жастағы қызға қызығушылық танытқан 32 жастағы ер адамды бірге тұрған көршілері төрт күн азаптап, кейін өлтірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 2023 жылы Сиднейдің батысында болған. Қылмысты ұйымдастырған 18 жастағы жігіт болған. Ол таңертең оянғанда 32 жастағы көршісінің өзіне және 16 жастағы қызына төніп тұрғанын көрген. Жігіт одан мән-жайды сұрағанда, ер адам қызға қол тигізгісі келгенін айтқан. Сонымен қатар телефонында балаларға қатысты порнографиялық материалдар бар екенін мойындаған.

Осыдан кейін 18 жастағы жігіт пен оның 19 жастағы досы көршісін төрт күн бойы ұрып-соққан. Олар ер адамды ұрып-соғып және кетпеннің ағаш сабымен ұрған. Сонымен қатар оған зәр сындырған және телефонын өртеп жіберген. Азаптау сәттерін видеоға түсірген. Қаза болғанға дейін жәбірленуші бірнеше рет өзін өлтіруді сұраған.
Биыл 11 тамызда Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының Жоғарғы соты қылмысқа қатысқан екі адамға үкім шығарды. Қазір олардың жасы 21 және 22-де. Үлкені 2032 жылы, ал кішісі 2033 жылы мерзімінен бұрын бостандыққа шыға алады.
Ал шілде айында сот жанжалға қатысқан 16 жастағы қызды ақтап шыққан.
Айта кетейік, бұған дейін Ақтауда жасөспірімдер оқушыны жабылып ұрып, досын қорқыту үшін видеоға түсіргені туралы жазған едік.