80-ге жуық жолаушысы бар ұшақ өрт сөндіру көлігіне соқтығысып, төрт адам зардап шекті (видео)
Фото: The New York Times
АҚШ-тың Нью-Йорк әуежайында ұшақ өрт сөндіру көлігімен соқтығысып, бірнеше адам зардап шекті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Нью-Йорк қаласында Air Canada Express әуе компаниясының ұшағы Ла-Гуардия әуежайының ұшу-қону жолағында өрт сөндіру көлігімен соқтығысты. Салдарынан өрт сөндіру көлігінде болған төрт адам зардап шеккен. Олардың екеуі ауыр жарақат алған.
Монреальдан ұшып келген Bombardier CRJ-900 ұшағында 76 жолаушы мен төрт экипаж мүшесі болған. Қақтығыс ұшақ шамамен 48 км/сағ жылдамдықпен қозғалып, қонуды аяқтауға жақындаған кезде болған.
Әлеуметтік желіде тараған видеодан ұшақтың алдыңғы бөлігі көтеріліп тұрғанын байқауға болады.
АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасының мәліметінше, әуежай уақытша жабылып, барлық рейстер тоқтатылған. Ал Ұлттық көлік қауіпсіздігі кеңесі оқиға бойынша ақпарат жинап жатқанын мәлімдеді.
Зейнетақы жинағын аннуитетке аудару тиімді ме, әлде БЖЗҚ-да қалдырған дұрыс па? Сарапшы түсіндірді
Қазақстандықтарға зейнетақы жинағын сақтандыруға асыққан жөн
Ұлттық банк шешімінен кейін банктер жаңа депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені төмендетуі мүмкін
Ақша-кредит саясаты мен базалық мөлшерлеменің экономикаға әсері белгілі бір уақыт өткеннен кейін байқалады.