Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Альпинист сүйіктісін тауда қалдырып кеткен: Сот оны қыздың өліміне кінәлі деп тапты

Сот альпинисті тауда үсіп, көз жұмған сүйіктісінің өліміне кінәлі деп таптыФото: Веб-камерадан скрин/ Альпинисті шаммен тау басынан түсіп келе жатқан

Австрияда сот альпинисті боран кезінде тауда қалдырып кеткен сүйіктісінің өліміне кінәлі деп тапты. Оған бес ай шартты жаза және 9400 еуро көлемінде айыппұл тағайындады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

37 жастағы Томас мен 33 жастағы Керстин 2025 жылы 18 қаңтаркүні Австриядағы ең биік шың – Гросглокнер тауына көтерілген. Олар жоспарланған уақыттан едәуір кешіккен, бірақ тоқтатамастан тауға көтерілген. Керстин әбден әлсіреген кезде, Томас оны шыңға 50 метр қалғанда қалдырып, көмек іздеуге кеткен. Алайда Керстин тау басында үсіп көз жұмған.

Альпиниске абайсызда кісі өлтіру бойынша айып тағылды. Ол Керстинді көрпемен жаппағаны үшін және ұйықтайтын қаптың сыртынан жабылатын қорғаныш қабымен орамай кеткені үшін кінәлі деп танылды. Ал бұл заттардың барлығы оның сөмкесінде болған.

Айыптаушы тарап бәрін көзбен көре тұра Томастың кері қайтпағанын атап өтті.

“Ауа райының нашарлауы мен тауға ұзақ көтерілуде тәжірибесі жоқ Керстинтің әлсірегенін көре тұрып кері қайтпады”, – деп айыптады олар.

Прокуратура альпинисттің қараңғы түскенге дейін құтқару қызметімен байланыспағанын және ұшып бара жатқан құтқару тікұшағына да апатты дабыл қақпағанын атап өтті.

Айыпталушыға үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қауіп төнді. Алайда ол кінәсін мойындамады. Сотта ол Керстиннің осылай мерт болғанына қатты өкінетінін айтты.

Сот процесінде альпинисттің бұрынғы қызынан да жауап алынды. Ол 2023 жылы Томаспен бірге Гросглокнер шыңына көтерілген кезде жарық шамы істен шыққанын және сол кезде Томас оны түнде жалғыз қалдырып, көмек іздеп кеткенін айтып берді.

Керстиннің анасы Гертрауд сот басталар алдында, қызының өліміне айыпталушыны кінәлі санамайтынын айтқан. Оның айтуынша, Керстин жақсы физикалық формада болған және одан да қиын шыңдарға көтерілген.

Істі тәжірибелі альпинист Норберт Хофер қарады.  Хофер айыпталушыны “қанішер” деп санамайды. Дегенмен айыпталушы мен оның серіктесінің дайындық деңгейі арасында үлкен айырмашылық болғандықтан, Керстиннің өлімі үшін жауапкершілікті Томас өз мойнына алуы тиіс деп айтты.

STAN.KZ
Сенбі, 21 Ақпан, 2026 17:05