Талғарда жасөспірім қаза тапты: Оның өліміне қатысты қатарласы ұсталды

Фото: freepik.com
Талғарда жасөспірімнің өлімінен кейін қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде тағы бір жасөспірім ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Алматы облыстық полицияның хабарлауынша, жасөспірімге дене жарақатын салып, оның өліміне әкелген факті бойынша қылмыстық іс тіркелген.
Күдікті ретінде тағы бір жасөспірім оқиғадан көп ұзамай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оның қамауда болуын санкциялады.
Полиция департаменті тергеу тобы материал жинап, оқиғаның толық мән-жайын анықтап жатқанын айтты. Іс ведомствоның ерекше бақылауында. Ал оқиғаның егжей-тегжейі ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.
Трагедияға не себеп болғаны әзірге белгісіз. Қақтығыстың неден шыққаны, оған не түрткі болғаны және жасөспірімдердің қандай жағдайда болғаны туралы ресми ақпарат жоқ.
"Балалардың қызуы 40°C-қа дейін көтеріліп, ауруханаға түсіп жатыр": Алматыда қандай инфекциялар таралып жатқаны белгілі болды
Маман ата-аналар баланың жағдайын мұқият бақылауы керегін ескертті
“ҚазМұнайГаз” 34 көлікті бес жылға жалдауға 4,2 миллиард теңге жұмсамақ
«ҚазМұнайГаз» 4,2 миллиард теңгеге көлік жалдамақ: компанияның жауабы қандай?