Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қамалсам балаларға не айтасың, дейді”: Күйеуінен 10 жыл қорлық көрдім деген Карина ажырасса да Сәкен Мамаштан қысым болып жатқанын айтты

Желіде қазақстандық дипломат Сәкен Мамаштың бұрынғы әйелі Карина Госман ажырасып кетсе де күйеуі тарапынан қысым көріп жатқанын жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: желіден скрин

Карина өзінің Instagram желісінде наурыз айында Сәкен Мамаштың ажырасқаннан кейін алғаш рет балалармен кездесу кезінде жеке сөйлесуге тырысқанын айтты. Сот әйелді бұрынғы күйеуіне балаларын көруге мүмкіндік беруге міндеттеді. 

"Ол мені бәріне кінәлі сезіндіргісі келеді. Соттың жақын екенін және түрмеге түсетінін түсінгендіктен, осы уақыт ішінде кешірім сұрады. Балаларды сылтау қылып, мені манипуляциялап, "Карина, сен мені түрмеге қамағың келмейді. Егер мен қамалсам балаларға не айтасың" дейді”, - деп түссіндірді Карина.

Әйелдің айтуынша, бұрынғы күйеуі оған бітімгершілік келісімге қол қоюды ұсынған. Алайда Карина бас тартқанын айтты.

Сонымен қатар, Каринаның айтуынша, Сәкен Мамаш пәтерді беремін деп алдап, “16 миллион теңге төледі” деген құжатқа қол қойғызған.



"Бірақ ол маған ештеңе төлемеді. Менде пәтер де, 16 миллион да жоқ", - деді Госман.

Еске салсақ, бұған дейін дипломаттың әйелі Карина Мамаш 5 мамырда Сәкен Мамаш үйіне қонаққа келген әпкесі мен оны ұрып-соққанын айтқан еді. Осыдан кейін сыртқы істер министрлігі Біріккен араб әмірліктері дипломатын тұрмыстық зорлық-зомбылық жасады деген айыппен Қазақстанға шақырып алды. 9 мамырда әйел Астанаға оралды. Қауіпсіздік үшін Карина балаларымен бірге дағдарыс орталығына орналасты.

Шенеуніктің әйелі күйеуінен 10 жылдан бері зәбір көріп келе жатқанын айтып, көмек сұраған еді.

Талқылау