Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мектептерінде оқулықтар планшеттермен ауыстырылмайтын болды

Қазақстан мектептерінде оқулықтар планшеттермен ауыстырылмайтын болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

2022 жылы үкімет балалардың ауыр сөмкелерін жеңілдету үшін оқулықтарды планшеттермен ауыстыруды жоспарлаған еді. Алайда, бұл жоба ой өз тиімділігін дәлелдемеді. Бұл туралы білім және ғылым министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді.

"Оқулықтарды планшеттермен ауыстырмаймыз. Өйткені, тәжірибе мен сарапшылардың пікірлері бойынша, әлемде бұл әдіс тиісті нәтижені бермеген. Көптеген елдер қазір планшеттерден бас тартуда. Басқа жолдарды іздеу керек. Қазір біздің сарапшылар осы мәселе бойынша жұмыс істеп, жаңа стандартты, жаңа бағдарламаны енгізумен айналысуда", — деді министр.



Оқушылардың жүктемесін азайту үшін министрлік көптеген оқулықтарды цифрландырды, жұптық сабақтар енгізілуде және үш ауысымды оқыту жүйесінен толық бас тарту жоспарланып отыр.

"Оқулықтарды цифрландырдық. Енді цифрлық оқулықтарымыз бар. Оған қоса үш ауысымды оқытуды бір ауысымды оқытуға көшіруіміз керек. Осы шаралардың арқасында мектептерде оқу кестесін дұрыс құру мүмкіндігі пайда болады. Жұптық сабақтар қоюға болады. Бұл әдістер өзекті мәселелердің түбегейлі шешіміне алып келеді", — деп қосты Бейсембаев.

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда Қазақстанда үш ауысымды оқытатын 40 шақты мектеп бар. Ол биылдың соңына дейін бұл жүйеден толығымен бас тартылатынын уәде етті.

Еске салсақ, осыған дейін қазақстандық блогер мектеп бағдарламасы мен оқулықтардың сапасын сынға алған еді.

Талқылау