Энергетика министрлігі еліміздегі АЭС құрылысы шетелдік несиелер есебінен салынатынын жеткізді
Энергетика министрлігі Қазақстандағы АЭС-тің шетелдік кредиттер есебінен салынатынын жеткізді. Айтуынша, АЭС салуға Ұлттық қор мен зейнетақы қорындағы ақша жұмсалмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ведомство жеткізушілерге АЭС салу жобасын қаржыландырудың түрлі нұсқаларын ұсынатынын айтты. Яғни экспорттық несие мен халықаралық қаржы институттарын қаржыландыруды тартатынын атап өтті. Сонымен қатар атом электр станцияларын салу жобасын қаржыландырудың әртүрлі нұсқалары ұсынылмақ.
"Ұлттық қор, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры немесе республикалық бюджет қаражаты есебінен АЭС құрылысын қаржыландыру қарастырылмайды", – деді Энергетика министрлігі.
Еске салсақ, бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС құрылысын жеделдетуді тапсырған еді.
Ұстазының жетекшілігімен цирк әлеміне келген қазақстандық егіз Cirque du Soleil-де өнер көрсетеді
Алексей: "Cirque du Soleil-ге өтінім жіберіп, жауабын 4 жыл күттік"
"Түрлі тағам пісіремін, өкшелі аяқкиім киіп, саяхаттаймын": Желіде боянғанын көрсеткен 90 жастағы қазақстандық әже жұртты сүйсіндірді
Күнсара әже: "10-15 күн сайын моншаға барып, көп кітап оқып, әдемі жүргенді ұнатамын”