"Отбасын құрып, қызметін аустырады": Астролог 2025 жыл қай жұлдыз белгілеріне үйленуге қолайлы екенін айтты
2025 жылдың мамыр, маусым айлары неке қиып, шаңырақ көтеруге оңтайлы кезең де болжам жасады астролог Сабина. Айтуынша, бірнеше жұлдыз белгілері маңызды шешім қабылдап, отбасы деген жаңа кезеңге қадам басқалы тұр. Маман денсаулығына көңіл бөлуі керек жұлдыз белгілеріне ескерту жасап, маңызды шешім қабылдарда қолданатын, сәттілік әкелетін сандар туралы айтты.
Фото: Рexels.com
Тоқты
Келер жылы тоқтылар үшін мансабында көтерілуге жақсы мүмкіндіктер туып тұр. Ол үшін бұл жұлдыз белгілері өзін толықтай жұмысқа арнау керек. Көктемге қарай қаржылық жағдайыңыз жақсарып, табысыңыз артады. Ал жазда жеке өміріңізге көңіл бөліп, романтикалық қарым-қатынас орнатуға қолайлы кезең болмақ.
Торпақ
2025 жылы торпақтарда кәсібіне байланысты ұсыныстар мен шақыртулар болуы ықтимал. Сондай ақ олар ішкі өзгерістерді бастан кешеді. Жыл басында бейімделу мен интуцияға қатысты жұмыста бірқатар қиындықтар тууы мүмкін. Жеке өміріңізде де белгілі бір мәселелерді шешуге тура келеді. Абзалы, жұмыс пен жеке өмірді баланста ұстаңыз.
Егіздер
Егіздер үшін келер жыл білім алуға, оқып, ой-өрісіңізді кеңейтуге оңтайлы болмақ. Жаңа таныстықтар болып, керемет саяхатқа шығуыңыз бек мүмкін. Жеке өміріңізге келер болсақ, сүйіктіңізге көңіл бөліп, онымен қарым-қатынасты нығайтудың амалын жасаңыз.
Шаян
Астрологтар шаяндарға отбасылық құндылытарды нығайтуға кеңес береді. Баспана мәселесі шешіліп, көңіліңіз жайланады. Жеке өміріңізде де тұрақтылық пен үйлесімділік орнайды.
Арыстан
Келер жылы арыстандар шығармашылыққа уақыт бөліп, өзін жақсы жағынан көрсетуге тырысу керек. Жұлдыз белгілері қызметінде көтерілуі мүмкін. Бірақ ол үшін күш салып, еңбек етуге тура келеді. Сүйіктіңізге де уақыт пен көңіл бөліп, қуантып қойсаңыз артық етпейді.
Бикеш
Бикештер үшін жылдың алғашқы жартыжылдығы мансапта көтеріліуге, көшбасшылық қабілеттеріңізді көрсетуге қолайлы уақыт. Жаңа таныстықтардан да тартынбаңыз. Сізді ұнатып жүрген жан сезімін білдіруі әбден мүмкін. Сондай-ақ жеке өміріңізде бірқатар қиындықтар болуы ықтимал. Мәселені барынша сабырлық пен түсіністік танытып шешуге тырысыңыз.
Таразы
Жазға дейін шетелге шығып, шетелдіктермен таныстық орнтауға мүмкіндік туып тұр. Мамандар таразыға теориялық білім алуға ден қойып, өзіңізді қалыптастыруға әрекет етуге кеңес береді. Жеке өміріңіздегі қиындықтарды шешу үшін сүйіктіңізбен ашық әңгіме жүргізіп, бір-біріңізге түсіністік таныту керек болады.
Сарышаян
Сарышаян үшін 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығы қарызға алған қаражат пен инвестицияны ақылмен жұмсайтын уақыт. Ал екінші жартыжылдықта алыстан келген адамдармен таныстық орнатуыңыз бек мүмкін. Сондықтан басқа аймақ пен шет мемлекеттердің азаматтарымен қарым-қатыныс орнатуға тырысыңыз. Жеке өміріңізде бірқатар өзгерістер болады. Бұл өзгерістер бейімделуді, жаңа тәжірибеге ашықтықты талап етеді.
Мерген
2025 жыл мергендер үшін ой-өрісті кеңейтуге, біліп алуға қолайлы уақыт. Мансабыңызда жаңа жобалар болуы мүмкін. Алайда ол жобалар жасампаздықты қажет етеді. Жеке өміріңізде өзгерістер болсын десеңіз, жаңа таныстықтарға ашық болыңыз.
Тауешкі
Келер жыл тауешкілер үшін қаржы тұрғысынан тұрақты жыл болмақ. Ұзақ мерзімді жоспар құруға ерінбеңіз. Қызметіңізде көтерілуіңіз ықтимал. Бірақ ол үшін тәртіп керек. Бұл жылы отбасыңыз бен жақындарыңызға көлің бөлуге тырысқаныңыз абзал.
Суқұйғыш
Әлеуметтік өзара әрекеттесу мен қоғамдық жобаларға қатысу үшін үлкен мүмкіндіктер туып тұр. Мансабыңызда күтпеген өзгерістер болуы мүмкін. Сондай-ақ жеке өміріңіздегі өзгерістерге де дайын болғаныңыз дұрыс.
Балықтар
2025 жыл балықтарға рухани өсу мен өзін-өзі дамытуға қолайлы кезең болмақ. Жұмыс бабымен сізге шығармашылық жобалар жасау туралы ұсыныс түсуі мүмкін. Астрологтар балықтарға жеке өмірде өз интуициясына сенуге кеңес береді.
“Күмәнді ұйымдар мен инвестициядан аулақ болыңыз”
Астролог маман Сабина келер жылы сәтсіздіктердің алдын алып, тығырықтан шығу үшін не істеу керегін айтты.
“Жылан жылы өзгерістерге бейімделу керек болады. Күтпеген жағдайға дайын болып, қиындыққа тап болғанда сабыр сақтаңыз. Жеке даму мен білім алуға ден қойыңыз. Алған біліміңіз келер жылы кездесетін қиындықтарды жеңуге көмектеседі. Тұрақты профилактикалық шаралар мен салауатты өмір салтын ұстансаңыз аурулардың алдын аласыз. Күмәнді ұйымдар мен инвестициялардан аулақ болғаныңыз абзал. Шығындарыңызды жоспарлау да да артық етпейді”, – дейді маман.
Астрологтар жылан жылы тоқтыларға энергиясын мансабына, қызметінің өсуіне жұмсауға кеңес береді. Сонымен қатар сабыр сақтап, асығыс шешім қабылдаудан аулақ болуға шақырады.
“Торпақтар іштей өзгерістерді бастан өткереді. Жаңа идеяларға ашық болғаны жөн. Жайлы жерден жерден шығып, бақ сынап көруден қорықпау керек. Сабыр сақтап, істі аяғын дейін жеткізіп үйреніңіз. Егіздердің өздерін оқу білімге, саяхатқа арнағаны дұрыс. Жаңа таныстықтар мен ой өрісіңізді кеңейтуге берілген мүмкіндіктен айырылып қалмаңыз. Өзгерістерден қорықпаңыз, соңы жақсылыққа апарады. Шаяндар отбасы арасындағы байланысты нығайту үшін әрекет ету керек. Жақындарына көңіл бөлгені жөн. Ал арыстандардың жанжалдарға килікпей, тәкаппарлығынан арылғаны дұрыс”, – дейді астролог.
“Суқұйғыштардың жеке өмірі мен мансабында үлкен өзгерістер болады”
Сабинаның айтуынша, жылан жылы бикештердің қызметінде көтерілетін кезеңі. Олар ұйымдастыру жұмыстарына ден қойып, өзіне көп міндет жүктеуден аулақ болғаны жөн.
“Таразылар жаңа таныстықтарға ашық болғаны дұрыс. Сарышаяндар өз интуициясына сеніп, шектен тыс күдікшіл болмағаны абзал. Мергендер шешуі қиын мәселелерде оптимизмді іске қосыңыз. Мүмкіндіктерге жол ашу үшін ізденіңіз. тауешкілер денсаулығына және қаржы жағдайына мән бергені дұрыс. Ол үшін тәртіп пен жоспар керек. Келер жылы суқұйғыштардың жеке өмірі мен мансабында үлкен өзгерістер болуы мүмкін. Айналаңызға ашық болыңыз. Балықтар дамудың жолын іздегені жөн. Өз күшіңізге сенуді тоқтатпаңыз”, – деген кеңес берді астролог маман.
Үйленіп, қоныс аударатын жұлдыз белгілері кімдер?
Жұлдыз жорамалға сәйкес, келер жылы бірнеше жұлдыз белгілері отбасын құрып, өмірдің жаңа кезеіне аяқ басады.
“Тұрақтылық пен берік қарым-қатынас іздеп жүрген торпақ, шаян, таразылар шаңырақ көтеріп, отбасын құруы ықтимал. Тауешкі мен балықтар “ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде” деген ұстаныммен, денсаулығын қолға алу керек. Тоқты, арыстан, сарышаяндар үшін бұл жылы табысты болмақ. Бірақ бар ақшаны ақылмен жұмсау керегін естен шығармағаны абзал. Ал бикеш пен суқұйғыштар жұмысын, тіпті қызмет саласын да ауыстыруы ғажап емес”, – дейді маман.
Астрологтың айтуынша, неке қиюға ең сәтті кезең – мамыр айының аяғы, маусымның басы. Сондай-ақ шаңырақ көтеру үшін қыркүйек айы да сәтті кез. Бұл кезеңдер қарым-қатынасқа үйлесімділік әкеледі екен.
“Қоныс аударып, көшкелі отырған жандар мұны көктемде, яғни наурыз, сәуір айларына немесе қазанға жоспарлағаны дұрыс. Қаңтар мен қараша айларында кәсіп ашып, іс бастағандардың жұмысы өрге басады. Ал шілде, тамыз айлары денсаулыққа көңіл бөлетін кез”, – дейді Сабина.
2025 жылы қандай сандар мен түстер сәттілік әкеледі?
“2, 6, 8, және 11 сандары келер жылы сәттілік әкелетін сандар болып саналады. Әсіресе маңызды шешімдер мен істерде осы аталан сандар есіңізде тұрсын. Сондай-ақ жасыл, көгілдір, алтын және қоңыр түстер жақсылық пен сәттілік тартады”, – дейді асторлог.
@sabina_astrolog Самые верные знаки зодиака 🙌👏🏻🥰#знакизодиака #астрология #верность #партнер #любовь #верный #хочуврек #хочуврекомендации #козерог #телец #рак ♬ Surrender - Natalie Taylor