Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Доллардың қымбаттауы: Ұлттық банк жағдайды түсіндірді

АҚШ-тағы президент сайлауы нәтижесінен кейін Қазақстанда доллар қымбаттады. Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова валюта нарығындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: depositphotos.com

Трамптың жеңісі АҚШ долларының нығаюына және дамушы елдердің валюталарының, оның ішінде теңгенің әлсіреуіне себеп болды.

“Мұнай бағасының қалыпты төмендеуі де экономистердің ықтимал сауда баждары мен АҚШ-тан мұнай жеткізілімдерінің ұлғаюы туралы болжамы аясында барреліне 74-75 АҚШ доллары деңгейінен 71,83 АҚШ долларына дейін (2024 жылғы 11 қарашадағы жағдай бойынша) көтерілді. Сыртқы нарықтардағы құбылмалық валюта нарығына қатысушылардың мінез-құлқына әсер етеді. Біз шетел валютасына ұсыныстың айтарлықтай төмендеуін және бір мезгілде оған сұраныстың артқанын көріп отырмыз. Бұл өз кезегінде теңге бағамының әлсіреуіне ықпал етеді. 2024 жылдың қараша айының басынан бері биржалық сауда-саттықта ұлттық валюта бағамы 1,4% әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 495 теңге болды”, – дейді Ұлттық банк басшысы.


"Доллар нығайып, теңге әлсірейді": Сарапшылар Трамптың билікке келуі Қазақстанға қалай әсер ететінін болжады


Оның айтуынша, айырбас бағамының құбылмалығын арттыратын алыпсатар операциялардың өсуі байқалған.

“Өтімділіктің жеткіліксіздігі жағдайында бұл тұрақсыздандыратын валюта бағамының ауытқуына әкелуі мүмкін. Ұлттық банк іргелі факторлармен негізделген ұлттық валюта бағамының өзгеруіне жауап бермейді. Алайды Ұлттық банк осы жолғы ұлттық валюта бағамындағы құбылмалықты дұрыс емес деп есептейді. Сондықтан Ұлттық банк ішкі валюта нарығындағы жағдайды бақылайды. Қазіргі үрдістер, әсіресе алыпсатарлық жалғаса беретін болса, айырбас бағамының әділ қалыптасуын, валюта нарығының қалыпты жұмыс істеуін қалпына келтіру және ұлттық валюта бағамының күрт ауытқуы тәуекелдерін болдырмау мақсатында Ұлттық Банк шұғыл әрекет етуге дайын”, – дейді ол.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы 498 теңгеге жеткені туралы жазған едік.

Талқылау