Қазақстандағы ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы 498 теңгеге жетті
Қазақстандағы ақша айырбастау орындарында доллар 498 теңгеден сатыла бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: depositphotos.com
Kurs.kz мәліметінше, Астанадағы ақша айырбастау пункттерінде 11 қараша сағат 18:20-дағы жағдай бойынша доллар 498 теңгеге сатылып, 493,0 теңгеден сатып алынып жатыр.

Ал Алматыда доллар 497,50 теңгеге сатылып, 495,80 теңгеге сатып алынып жатыр.

Айта кетейік, 11 қарашада KASE Қазақстан қор биржасындағы күн сайынғы сауданың қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 0,91 теңгеге көтеріліп, 492,65 теңге болды.
Ал Ұлттық банк мәліметінше, 11 қарашадағы доллардың ресми бағамы – 491,71 теңге.
Еске салсақ, бұған дейін тарихта алғаш рет биткоин бағамы 80 мың доллардан асқаны туралы жазған едік.
"Жұмыстан шығаруға негіз емес: Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер
Қазақстандық Америка шөлінің қақ ортасында қалай киіз үй тігіп, 5 мың адамға ет асты
Жобаны Tengri Camp командасы ұйымдастырды