Тарихта алғаш рет биткоин бағамы 80 мың доллардан асты
Криптовалюта құны 4,7% өсіп, рекордтық көрсеткіш 80 мың долларға жетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Bloomberg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: Freepik.com
Қазір биткоин 79 500 долларға саудаланып жатыр.
Басылым мәліметінше, биткоин бағамы Дональд Трамптың АҚШ президент сайлауында жеңіске жетуі аясында өсіп жатыр. Сайлау науқаны кезінде Трамп АҚШ-ты "ғаламшардың крипто астанасына" айналдыруға уәде беріп, биткоиндардың ұлттық қорын құруды ұсынды.
Бұған дейін биткоин 6 қарашаға қараған түні АҚШ-тағы президент сайлауынан кейінгі дауыстарды санау кезінде жаңа рекордтық деңгейге жетті. Содан кейін Bitcoin бағамы 74 600 долларға дейін көтерілді.
Қазақстандық мұғалімдер жұмыстан тыс уақытта түнгі рейдке шығуға әлі де мәжбүр екенін айтты
Мұндай істі міндеттесе мектеп басшылығына 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады
Түркістандық көпбалалы ана үйіне келіп жәрдемақыдан бас тартуды талап еткендерге шағымданды
Әсел: "Сөйте тұра маған “сіз А категориясындағы отбасына жатасыз" деді"