Жедел жәрдем бригадасын шақырған қазақстандыққа 80 мың теңге айыппұл салынды
Жедел жәрдем бригадасын жалған ақпаратпен шақырған Ақтау тұрғынына 80 000 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ол осылайша әзілдемек болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: gov.kz
Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі жағдайды баяндап берді.
Оқиға 14 қазанда болған. "103" пультіне көп дәрі-дәрмек қабылдағанын айтқан Ақтау қаласының тұрғынынан шақырту келген.
“Жедел жәрдем барған кезде тұрғын "пранк" ұйымдастырғанын жеткізді”, – деді медициналық мекеменің баспасөз қызметі.
Осыған байланысты шақыру ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 438-бабына сәйкес жалған болып тіркелді. Арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақыртқаны үшін Ақтау қаласының тұрғынына 80 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.
"Арқан тарту, күйеу көру, тамада": Қазақтың тойы заман ағымына қарай қалай өзгерді
Этнограф: “Бұрынғы тойда да тамада, әнші, бишілер болған”
Көршінің шуы қаншалықты қатты екенін қалай өлшеуге болады және ол үшін қайда шағымдану керек
Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті айтып берді