Желіде қазақстандықтарға 140 мың теңгеден әлеуметтік төлем берілетіні туралы ақпарат тарады
Желіде барлық қазақстандықтарға 140 мың теңгеден басталатын жаңа арнайы әлеуметтік төлем пайда болғаны туралы ақпарат тарауда. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министлігі мұның алаяқтардың жаңа тұзағы екенін айтып, халықты сақ болуға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: iStock
Деректерге сүйенсек, белгісіз адамдар төлемді тексеру үшін сілтемеге өтуді ұсынады.
“Төлемнің мұндай түрі жоқ екенін хабарлаймыз. Тиісінше, хабарламада көрсетілген сілтеме алаяқтар үшін азаматтардың жеке деректерін алу тәсілі болуы мүмкін. Алаяқтармен өзара әрекеттесуді болдырмау үшін сілтемеге өтпеуілеріңізді сұраймыз. Мемлекеттік қолдаудың тиісті шаралары туралы ресми ақпарат тек қана 1414 нөмірінен СМС-хабарламалар арқылы таратылады. Азаматтардан тек ресми көздердегі ақпаратты пайдалануын сұраймыз.”, – делінген хабарламада.
- "Рұқсатымызсыз аударым жасаған": ВТБ банкіне ақша салған клиент 9 миллион теңгесінен қағылды
-
Қазақстанда ең төменгі жалақыны 130 мың теңгеге көтеру қарастырылып жатыр
Министрлік жалған ақпарат тарату заңмен жазаланатынын еске салды.
"Бір бие, бір жабағыдан бастадық": 40 жылдан бері жылқы баптап жүрген отбасы қымызмұрындықтың мәнін түсіндірді
Қастерлі Жолдыбалина бала күніндегі қымызмұрындықтың қазіргі мерекеден өзгеше болғанын айтады
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып