Ғалымдар жердің табиғи күші Антрактидадағы мұздықтардың еруін тежей алатынын айтты
Макгилл университетінің канадалық ғалымдары егер алдағы он жылда парниктік шығарындыларды азайтсақ Жердің табиғи күші теңіз деңгейінің көтерілуін төмендетуі мүмкін екенін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Science Advances журналына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: pixabay
Зерттеуде мамандар Антарктика аймағындағы полярлық мұз қабатының жермен өзара әрекеттесетінін алға тартты.
"Егер шығарындылар тез азайса, жаһандық жылыну шектеліп, мұздықтардың көтерілуі мұз массасын жоғалтудың табиғи тежегіші ретінде әрекет етеді. Жердің табиғи күні мұздықтардың мұхитқа сырғуын бәсеңдетуі мүмкін. Талдау көрсеткендей, мұндай динамика Антарктиданың теңіз деңгейінің көтерілуіне қосқан үлесін 40%-ға төмендетуі мүмкін", - деді ғалымдар.
Зерттеушілер олардың жұмысы климаттың өзгеруін болжауға және қоршаған ортаны қорғаудың тиімді саясатын жасауға көмектесетінін түсіндірді.
2024 жылдың қаңтарында Сербия, Испания, Португалия, Словения және басқа елдерден келген халықаралық ғалымдар тобы жаһандық жылыну бүкіл әлемдегі ең үлкен ауыз су қорына қауіп төндіреді деген мәлімдеме жасады.