Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Баланы тыныштандыру үшін гаджет берудің зияны анықталды

Венгрия мен Канада ғалымдары баланы тыныштандыру үшін “цифрлық емізік" ретінде қолданылатын гаджеттердің зиянын анықтады. Frontiers in Child and Adolescent Psychiatry журналында жарияланған зерттеу нәтижелеріне сәйкес, бұл болашақта, әсіресе жасөспірім шақта баланың мінез-құлқы жағынан қиындықтарға әкелуі мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: oir.mobi

Мамандар екі жастан бес жасқа дейінгі балалардың ата-анасы арасында сауалнама жүргізді. Оған 300 адам қатысты. Зерттеуге қатысушылар балаларды тыныштандыру үшін цифрлық құрылғыларды қаншалықты жиі қолданғанын, сондай-ақ эмоционалды дағдыларды дамыту деңгейі туралы айтып берді. 

Ата-аналары цифрлық құрылғылардың көмегіне жиі жүгінетін балалар бір жылдан кейін ашуын басқара алмаған, төмен нәтиже көрсеткен. Олар эмоцияларын өз бетінше басқаруды үйренбегендіктен ашу мен күйзелісті жеңе алмаған. Олар сондай-ақ мұндай жағдайларда цифрлық құрылғыларды сирек қолданатын балалармен салыстырғанда эмоцияларын басқаруға аз күш жұмсаған. 

Зерттеу авторлары ата-аналардың балаларды өз мінез-құлқын басқаруға үйрету процесіне қатысуының маңыздылығын атап өтті. Балаларды тыныштандыру үшін цифрлық құрылғыларды пайдаланудың орнына, ата-аналар балалардың жағымсыз эмоцияларымен жұмыс істеп, олармен күресе білу керек.

Талқылау