Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде жәбірленушілерге БЖЗҚ-дан жинағын алуды ұсынған алаяқ сотталды

Ақтөбеде 17 қылмыстық эпизод бойынша айыпталған алаяққа сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Әйел жәбірленушілерге Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан жинақ ақшасының 10 пайызын алуды ұсынған.

Жәбірленушілерге келтірілген шығын тоғыз миллион теңге болды. Сот отырысында әйел өз кінәсін толық мойындап, өкінішін білдірді. Сот жаза тағайындау кезінде кәмелетке толмаған балаларының болуын және оның жүктілігін ескерген.

Айыпталушы үш жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар зардап шеккендерге ақшаны қайтаруы керек.



Айта кетейік, бұған дейін Ақмола облысының полицейлері зейнетақы жинақтарын алып береміз деген желеумен ерлі-зайыптыны сан соқтырған алаяққа қатысты тергеуді бастағаны туралы жазған едік. Облыстық полицияның хабарлауынша, алаяқтық ісінің құрбандары ерлі-зайыптылар болған. Тергеу мәліметтері бойынша, 2023 жылдың қазан айында Целиноград облысындағы ерлі-зайыптылар зейнетақы қорынан ақша алу мүмкіндігіне қызығушылық танытқан екен. 

Талқылау