Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағанды облысында сот интернет алаяқтарына алданып қалған әйелдің 1 миллион теңгесін өндіріп берді

Қарағанды облысында сот интернет алаяқтарынан алданып зардап шеккен әйелдің 1 миллион теңгесін өндіріп беруге шешім шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото freepik

Қарағанды облысының Балқаш қалалық сотында әйел алаяқтардың телефон арқылы 1 миллион теңгесін иеленгенін жеткізіп арызданған. Әйелдің айтуынша, кейін оған 4,3 миллион теңге банктен несие рәсімделген. 

Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған соң, тергеу барысында талап қоюшыға жауапкердің шотына 1 миллион теңге аударылғаны белгілі болған.

Дегенмен сотта осы сомма аударылған екінші тұлға ақшаны өзінде тұрмағанын, керісінше белгісіз үшінші бір тұлғаға аударылып кеткенін жеткізді. Айтуынша ол белгісіз адамның банктен есеп шот ашу туралы ұсынысын қабылдап кейін оған жеке деректерін берген.



“Азаматтық кодекстің 953-бабының 1 және 3-тармақтарына сәйкес, заңда негізсіз келген немесе сақталған мүлікті әр адам қайтаруға міндетті”, – делінген хабарламада. 

Сот ақшаның үшінші тұлғаға өткенін ескере отырып, заң бойынша екінші тұлғаға жауапкершілікті берді. Айтуынша қаражат түскен кезде екінші тұлға оны бірден иесіне қайтаруы керек еді. 

Осылайша сот талап қоюшының арызын қанағаттандырып, жауапкерден талап қоюшының пайдасына 1 миллион теңге өндірілетінін шешім етті.

Апелляция бұл сот шешімін күшінде қалдырды.

Талқылау