"Астана-Зеленстрой" ЖШС бұрынғы бас директоры қамауға алынды
"Астана-Зеленстрой" ЖШС-нің бұрынғы бас директоры жемқорлық қылмыстар жасады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: видеодан кадр
“Астана қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Астана-Зеленстрой" ЖШС бұрынғы бас директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол қылмыстық істі тоқтату үшін құқық қорғау органдарының лауазымды адамдарына алаяқтық жасауға және 15 млн теңге сомасында пара беруге итермелеуге оқталғаны үшін күдікті”, – делінген хабарламада.
Бұдан басқа, тапсырыс берушілері Астана қаласының жергілікті атқарушы органдары болып табылатын көпжылдық бұталарды отырғызу бойынша орындалған жұмыстардың құнын арттыру жолымен өзінің лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін күдікті деп танылған.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Аспаннан ақша шашылса немесе көшеден ақша тауып алсаңыз, оны бірден иемденуге бола ма
Заңгер табылған ақшаны ешкімге хабарламай алып кету заңды әрекет емес екенін айтады
Қазақстанда рейс кешіксе, жолаушы не істеуі керек және өтемақыны қалай алады
Рейс 5 сағаттан астам кешіккен жағдайда жолаушы ұшудан бас тартып, билет құнын толық қайтаруды талап ете алады