Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ішкі істер министрлігінің жанынан жаңа комитет құрылмақ

Қазақстан ішкі істер министрлігінің жанынан жаңа комитет құрылмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тиісті қаулы жобасы "Ашық НҚА" порталында жарияланды. Жаңа комитет есірткі қылмысымен күреспен айналыспақ. 

“Қазақстан Республикасы үкіметінің қаулысымен: ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы күрес комитеті құрылсын", – делінген қаулыда. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, жаңа комитет кездейсоқ пайда болмайтынын, қазіргі есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті мамандандырылған комитетке айналады.

"Комитет бөлімшелеріне мемлекеттік есірткі саясатын қалыптастыру және іске асыру жөніндегі функцияларды жүзеге асыру үшін қосымша өкілеттіктер мен штат саны бөлінеді", – делінген хабарламада.

Құжат 2024 жылдың 7 маусымына дейін қоғамдық талқылауда болады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда жасанды интеллект және инновациялық даму комитеті құрылғаны туралы жазған едік.

Талқылау