Қазақстанда жасанды интеллект және инновациялық даму комитеті құрылды
Үкімет 27 сәуірде цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің кейбір мәселелері туралы қаулы қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі жасанды интеллект және инновациялық даму комитеті республикалық мемлекеттік мекемесін құрды.
Бөлімнің функцияларына мыналар кіреді:
- Жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
- ЖИ технологияларын дамыту саласындағы құқықтық реттеуді әзірлеу және енгізу;
- ЖИ саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
- ЖИ саласындағы сараптамалық кеңестің құрамы мен қызметі туралы ережені бекіту;
- ЖИ-ді дамытуға қатысты мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын келісу.
Бұл ретте цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің геодезия және картография комитеті республикалық мемлекеттік мекемесі таратылды.
Баланы бұрышқа тұрғызу тәрбие ме, әлде психологиялық зорлық па
Тәрбиеші: Баланың әрқайсысының мінезі әртүрлі болғандықтан, олардың арасындағы жанжал мен төбелестің алдын алу оңай емес
Әйелімнен таяқ жедім деген қазақстандық ер адам әділдік іздеп жүр
Ержанның айтуынша, қызы есейген соң анасының жағына шығып, екеуі бірге өзіне қол көтеретін болған