Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ажырасқандарыңа өкінбеңдер": Әнші Балжан Бидаш қазақстандық қыздарға кеңес айтты

Әнші Балжан Бидаш тұрмыста болғанына және ажырасқанына еш өкінбейтінін жеткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Мамский әңгіме” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Әнші жас қыздарға отбасылы ер адамдарға жоламауға, біреудің отбасын құртпауға кеңес берді. 

“Меніңше, жігітке тұрмысқа шығамын немесе шықпаймын, мынадай жігітпен таныспаймын, жүрмеймін деген талабыңды сыртқа шығарғанша, сол энергетиканы іште сақтаған дұрыс. Мысалы, мен тұрмысқа шықпай тұрып, “Батыстың жігітімен сөйлеспеймін, актер жігіттер ұнамайды” дедім. Алайда өмірімде дәл сол жағдай болды. Сосын махаббат деген нәрсе бар. Біз қыздар қанша жерден “ажырасқан жігітпен жүрмеймін, тұрмысқа шықпаймын” дегенімізбен, ғашық болып қалған кезде өз сөзіңе қарсы шығасың. Себебі болашақта не боларын білмейсің. Ең бастысы әйелі бар адамдармен сөйлеспеңдер, жақындамаңдар. Отбасын құртпаған дұрыс. Ал егер ажырасқан, балалары болса, махаббат көрсетер, көре жатарсыз”, – деді әнші. 



Балжан Бидаш әлі жеке өмірге дайын емес екенін айтты. 

“Нақты болашақ күйеуімнің портретін шығармадым, себебі жеке өмірге әлі дайын емеспін. Қазір жеке өмірді шетке ысырып, карьерамен жүрмін. Тұрмыста болғаныма еш өкініш жоқ. Өзімді де, басқаны да кінәламаймын. Жалпы қыздарға айтарым, ажырасқандарыңа өкінбеңдер. Ол – сіздерге өмірдің берген бір тәжірибесі. Сол арқылы әрі қарай өмірлеріңізді жақсартуларыңыз мүмкін. Тағы да айтарым, асықпаңыздар”, – деді ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Отандық шоу-бизнестегі жұлдызды топтың бірі "KeshYou"-дің экс мүшесі әнші Балжан Бидаш шығармашылығы жөнінде сыр шертіп, аталған топтағы қызық оқиғаларын есіне алған еді. 

Талқылау