Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жаханды кешірмейсің бе?": Балжан Бидаштың кешірім туралы жазбасы желіні шулатты

Танымал әнші Балжан Бидаш жеке парақшасына адамдарға кешіріммен қарау туралы видео жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/

Өнер иесі видеода аяғын басып кеткен көлікке тас лақтырмақ болып, кейін райынан қайтады. 

“Кешірімді болайық!”, – деп жазды әнші. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, әншінің шыдамды болмысына таңғалып жатыр. 

“Жаханды да дәл осылай кешірші”, “Неткен бәрін ішіне сақтайтын адамсың”, “Жахан қадіріңді білмеді”, “Ол Балжанның бағын жаға алмады”, “Балжан бірауыз ештеңе деген жоқ. Жахан жеті жерге сұхбат беріп үлгерді”, “Жахансыз жарқырап, жайнап жүргенге не жетсін?!”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 



Айта кетейік, әнші экс жұбайы әзілкеш Жахан Отарғалиевпен ажырасып, шығармашылығына ден қойған еді. Ал көптен бері әлеуметтік желіге ат ізін салмай кеткен әзілкеш оқырмандарын алаңдатып қойды. 

“Аллаға шүкір, менде бәрі тамаша, денсаулығым жақсы болды. Жаймен жаңа жобаның жұмысын бастадым. Бұйырса мамырда кастинг болады. Бұл кино ерекше болмақ. Көп сұрақтың жауабын сол кинодан біле аласыздар. Ал менің толық жазылып шығуыма "Ихтикаф" себеп болды", – деп жазды актер. 

Еске салайық, Балжан Бидаштың тұрмыстағы зорлық-зомбылық туралы видеосы желіде қызу талқыға түсті. 

 

Талқылау