Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Полицияға қарулы шабуыл жасалған: Қазақстандық офицер ерлігі үшін көз жұмғаннан кейін 30 жылдан соң марапатталды

Ішкі істер министрлігінде Отан қорғаушы және Ұлы Жеңіс күндері атап өтілді. Ел амандығы үшін күні-түні қызмет етіп жүрген сақшылар мен айбынды ардагерлерге құрмет көрсетілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото Polisia.kz

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, тәуелсіздік жылдары қызмет бабында ішкі істер органдарының 800-ден астам қызметкері көз жұмған. Солардың бірі – Солтүстік Қазақстан облысының Ленин ауданы Ішкі істер басқармасының аға инспекторы Анатолий Добрынин. 

Ол 1993 жылы полиция ғимаратына жасалған қарулы шабуылға тойтарыс беру кезінде қаза тапқан. Қасындағы әріптесі Серік Оразалинмен бірге қаскөйлерге қарсы тұрып, табельдік қаруды басып алуға жол бермеді.

"Екі офицердің әрекеті жоғары бағаланып, мемлекеттік наградалар батырларын 31 жылдан кейін тапты. Біз бұл жұмысты жалғастырамыз. Архивтерді зерделейміз. Ерліктері бағаланбай, көлеңкеде қалып қойған батырлардың есімдерін ұлықтайтын боламыз", - деді Ержан Саденов.

Марқұм Анатолийдің марапатын – “Ерлігі үшін” медалін бауыры Юрий Добрынин алды. 

Фото Polisia.kz

Талқылау