Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Батыс Қазақстанда өмір бойына бас бостандығынан айырылған азамат он жылдан соң жазасын жеңілдетуді сұрады

Батыс Қазақстан облысында фермерді тонап, өлтіргені  үшін сотталған Азамат Тоғаев 10 жылдан кейін жазасын жеңілдетуді сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ашық дереккөзден
Ақпан айында өмір бойына бас бостандығынан айырылған Тоғаев сот актілерін қайта қарауды сұрап, жоғары сот органына шағымданған. Ол өз қылмысының заңды саралануын талап етіп, тағайындалған жазаның дұрыстығына күмән келтірді. Алайда жоғарғы сот өз үкімінде тағайындалған жаза әділ деп бағалады.

"Өмір бойына бас бостандығынан айыру түріндегі тағайындалған жаза жасалған әрекеттердің қоғамдық қаупін, бұрын сотталған Тоғаевтың жеке басын, оның әрекеттерінде қауіпті қылмыстың қайталануы, соңғысында аса белсенді қылмыстық рөлі ескеріле отырып, сот шешімі заңды әрі әділ қабылданды", – делінген хабарламада.

2014 жылдың 13 қаңтарына қараған түні Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданында Тоғаев екі сыбайласымен ерлі-зайыптының үйіне кіріп кеткен. Ер адамды өлтіріп, әйелін байлап тастаған. Оның денсаулығына ауыр зақым келтіріп, ақша мен басқа да бағалы заттар талап еткен. Үйден қолма-қол ақша мен бірнеше миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын жымқырған. Ал әйел ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. 

Тоғаев сол жылдың маусым айында сотталды. Қарақшылық пен кісі өлтіруден басқа, ол бандитизмге қатысты деп танылды. Тоғаевтың сыбайластары 22 жылға бас бостандығынан айырылды.

Талқылау