Алматының бірнеше шағын ауданында суық су өшіріледі
Алматыда 25 сәуір күнгі сағат 00:05-тен 26 сәуір күнгі 06:00-ге дейін бекіткіш арматураны ауыстыру және таза су резервуарларын жуу бойынша жұмыстар жүргізіліп, суық су өшіріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay
Осыған байланысты Орбита 1-4 шағын аудандарында, Таугүл 3 шағын ауданында, Мамыр 1-7 шағын аудандарында, Саин-Жандосов-Яссауи-Шаляпин, Яссауи-Шаляпин-Әшімов-Абай көшелерінің контурында су беру уақытша шектеледі.
“Жұмыстарды уақытылы орындау аталған учаскелердің тұтынушыларын сапалы және тұрақты сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Білім беру нысандарына автоцистерналармен су жеткізу жүзеге асырылады. Тұрғындар үшін су таситын көлік белгіленеді. Су таситын көліктердің жүру бағыттарының кестесі мен сызбасы almatysu.kz.сайтында көрсетілген”, – делінген хабарламада.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"