Қазақстанда 18 жаңа қала пайда болмақ
Қазақстанда 10 мыңнан астам халқы бар 112 ауыл бар. Заң бойынша олар енді қала бола алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay
Бұл туралы үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров мәлімдеді.
Мәселен, жоғарыда аталған 112 ауылдың 18-інде 30 мыңнан астам халық тұрады. Заңнамада олардың мәртебесін өзгерту тетіктері қарастырылған.
"Үш жыл ішінде халық саны 10 мыңнан асатын болса, онда облыстық мәслихат бұл ауылдардың мәртебесін өзгертуге, яғни оларға қала мәртебесін беруге құқылы", – деп түсіндірді шенеунік.
Норма 2021 жылы күшіне енген.
Сөз соңында басқарма басшысы қазір облыс әкімдіктерінде мәслихаттардан түскен өтініштер қаралып жатқанын айтты. Бірақ әзірге нақты шешім қабылданған жоқ, жұмыс жүріп жатыр.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?
“Ақиқат бәрін жеңеді, бірақ 50 жыл кешігіп жүреді" дейді тарихшы Болат Сайлан
"Жалаң қылышпен танктерге қарсы соғысқан": Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жойылып кеткен 106-ыншы атты әскери дивизия туралы не білеміз
Дивизия құрамына алынатын жауынгерлерге "оқып-жаза алуы керек және орыс тілін білуі керек" деген талап қойылды