Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз қол сұққандар сотталды
Ұлттық тестілеу орталығының қызметіне заңсыз қол сұқты деп айыпталған бірнеше адамға қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Ұлттық қауіпсіздік қызметінің ақпараты бойынша, қылмыстық кодекстің 205-бабы 2-бөлігі және 208-бабы 2-бөлігінде қарастырылған қылмыстарды жасағандары үшін кінәлі деп танылған Қазақстан азаматтары "С", "Ж" және "Н" қатысты Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты мен Өскемен қаласы № 2 сотының үкімдері заңды күшіне енді.
“Олардың әрбіреуіне 1 жыл бас бостандығынан шектеу жазасы белгіленді, сондай-ақ ақпараттық технология және телекоммуникация желілері саласында лауазымды қызметке тұру құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды”, – делінген комитеттің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Фото: Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Тергеу амалдары сотталған адамдар 2023 жылы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының заңмен қорғалатын ақпаратына заңсыз қол жеткізіп, көшіруге мүмкіндік бергені анықталды.
“Олардың Ұлттық бірыңғай тестілеудің, педагогтер мен магистранттардың білімін бағалаудың өткізілуіне қол сұққаны дәлелденді”, – делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, мәжіліс депутаты Ринат Зайытов ҰБТ және тестілеуге дайындайтын біліктілікті арттыру компанияларының жұмысын сынға алып, серіктестік өкілдері 3 миллион теңгеге дейін пара алып талапкерлерге жоғары балл жинауға көмектесетінін айтқан еді.