Түркияда белгісіз біреулер сот ғимаратына оқ жаудырған
Ыстамбұлда ер мен әйел қарумен сот ғимаратына шабуыл жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Aljazeera.com
Оқиға түскі уақытта болды. Шабуылдан бес адам, оның ішінде үш құқық қорғау органының қызметкері зардап шеккен. Бір адам ауруханада көз жұмған көрінеді. Қаскөйлер ұсталды.
Қазір оқиға орнына қосымша полиция күштері мен медициналық топтар жұмылдырылды. Зардап шеккендер шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды. Прокуратура тергеуді бастады.
Ішкі істер министрі Али Ерликая шабуыл жасағандардың революциялық халық азаттық партиясы террор ұйымының мүшелері екенін айтты. Бұл – Ыстамбұлда кейінгі екі аптада болған екінші шабуыл.
28 қаңтарда Ыстамбұлда католик шіркеуіне біреулер оқ жаудырып, атыс салдарынан түрік азаматы қаза тапқан еді.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар