Таразда ер адам саябақтағы жаңа жылдық шыршаны өртеп жіберген
Таразда 56 жастағы ер адам саябақтағы жаңа жылдық шыршаны өртеп жіберген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото видеодан алынған
Әлеуметтік желіде Тараздағы президент саябағында өртеніп жатқан жаңа жылдық шыршаның видеосы тарады.
"31 желтоқсан күні сағат 08:29-да Тараз қаласы Төле би көшесіндегі жасанды шыршаның өртеніп жатқаны туралы хабар келіп, өрт 08:34-те оқшауланып, 08:35-те сөндірілді", – делінген Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Келер жылы кімдерге үйленуге болмайды: 2024 жылға арналған жұлдыз жорамал
Полицияның хабарлауынша, 31 желтоқсанда сағат 08:30-да бейнебақылау камераларына саябақтағы жаңа жылдық шыршаны белгісіз адамның өртеп жатқаны түсіп қалған.
“Полиция қызметкерлері 56 жастағы ер адамды ұстады. Ол өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды”, – делінген полиция хабарламасында.
Қазақстандық компания қазақ тілінде баяндама жасаған қызметкерді жұмыстан қуды деп айыпталды
Қызметкердің жұбайы жұмыс берушіден түсініктеме талап етті
"Қолынан сүйіп, денесін ұстаған": Алматыда 15 жастағы қыз такси жүргізушісінің әрекетінен шошып қалған
Қыздың адвокаты істі қылмыстық тұрғыда тексеруді сұрады