Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Психикалық ауытқуы болуы мүмкін: Ер адам төрт баласы мен әйелін өлтірді деген күдікпен ұсталды

Парижде рождество күні пәтерден әйел мен төрт баласының денесі табылды. Балалардың кішкентайы тоғыз айлық болған. Қылмысты әкелері жасады деп, күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі SkyNews порталы сілтеме жасап хабарлайды.

Сурет SkyNews

Деректерге сай, күдікті оқиға орнынан қашып кеткен. 

"Екі ұл мен екі қызды қосқанда бес адамның денесі табылды. Соның нәтижесінде олардың өлтірілуіне қатысты тергеу басталды. Басты күдікті сейсенбі күні жақын маңдағы үйден табылған 33 жастағы әкесі болуы мүмкін”, – деді прокурор Жан-Батист Бладиер.

Пәтерден табылған балалардың жасы онда, жетіде, төртте және тоғыз айлық болған. Құрбандар мен күдіктінің есімдерін француз билігі әзірге жариялаған жоқ.

"Көптеген пышақ жарақаттары анықталды. Төрт жасар бала мен тоғыз айлық баланың көзге көрінетін жарақаттары жоқ, – деді Бладиер.

Сурет SkyNews

Прокурордың айтуынша, бұл балаларды суға батырып немесе тұншықтырып өлтіруі мүмкін.

Тергеу деректерінде, ұсталған ер адам бұрын отбасында зорлық-зомбылық көрсету мен психикалық ауруға шалдыққаны туралы көрсетілген. Бұрын оның үстінен қозғалған қылмыстық іс ақыл-есі кем деп танылған соң жабылған. 2017 жылы ол психиатриялық ауруханада ем алып, психикалық проблемаларға байланысты дәрі-дәрмектерді үнемі қабылдаған.

Талқылау