Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2023 жылдың қарашасы – тарихтағы ең жылы өткен қараша айы болды – Синоптиктер

Мамандар елімізде биыл қараша айының тарихта ең жылы температурада өткенін жеткізді. Ел аймақтарындағы қарашада болған әдеттегіден тыс жылы температура 1990 жылдағы рекордты жаңартқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктер бұл айда Иран және Жерорта теңізі аймақтарының ауа массалары әсерінен температуралық фон Қазақстан аумағында нормадан 3-10°-қа жоғары болғанын айтады. Деректерге сай метеорологиялық бақылаулардың бүкіл тарихында биылғы жылдың қараша айы ерекше жылы болды. Ең жоғары теимпература 17-18 қараша аралығында байқалған.

Мысалы, 17 қараша: Таразда ауа температурасының ең жоғары деңгейі +26,1°C болды. Осылайша 1999 жылғы рекордты(+18,6°C) жаңартқан. Шымкентте бұл күні +27,3°С көрсеткен. Соңғы рет рекорд(+26,5°С) 2001 жылы байқалған. Қызылордада ауа температурасы +22,0°С болды. Ал 1999 жылғы рекорд (+13,3°С) көрсеткен. Қарағандыда +16,4°C болған. Ал 2001 жылғы рекордты (+13,5°C) көрсеткен.

Алматыда 18 қарашада ауа соңғы рет +23,6°С-қа дейін жылыды. Абсолютті максимум 2001 жылы +19,3°C болған.

Бір ай ішінде Қазақстан аумағында жиі жауын-шашын байқалды. Сонымен қатар әртүрлі қарқындылық пен сипаттағы жаңбыр, қар, тұман, көктайғақ, күшейді. 

Сонымен 18 қарашада Ақмола, Павлодар Қарағанды ​​және Жамбыл облыстарында жел күшейді. Астанада қараша айындағы орташа айлық ауа температурасы -5,2°-ты көрсетті. Бақылау деректері бойынша айдың нақты температурасы 2,2° болды. Бұл нормадан +7,4°-қа жоғары рекордтық көрсеткіш. Елордада ең жоғары ауа температурасы 8 қараша күні +11,9°С-та байқалды. Осылайша 1990 жылғы көрсеткіш жаңартылды. 

Термометр +2,4°С дейін көтеріліп, жауын-шашын мөлшері 37 мм болды. Айлық норма 29 мм құрап, нормадан 127%-ға жетті. 

Талқылау