Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Комиссиясыз аударымдар мен шетелде де сауда жасау": Home Credit Bank жаңа OZEN бөліп төлеу картасын ұсынды

Кез келген елде дүкендерден сауда жасау, тез рәсімдеу мен тегін қызмет алу. Home Credit Bank-нің жаңа OZEN бөліп төлеу картасының тағы қандай артықшылықтары бар екенін айтып берейік. 

Көптен бері алғыңыз келіп жүрген затқа кезіккен сәтте ақшаңыз жетпей қалатын жағдайларға жиі тап боласыз ба? Әрине, мұндай кезде сәл қаражат жинап тауарды кейін алсаңыз да болады. Алайда бұл зат дәл сол кезде қажет болса бөліп төлеу қызметі көмектеседі. Ыңғайлысы сол, мұнда бағаның бірден барлық соммасын емес, белгілі бір мерзімге бөліп төлеуге мүмкіндік бар. Есесіне қалаған затыңызды сол мезетте иемденесіз.

Бұл процесті жеңілдету үшін жақында Home Credit Bank өзінің жаңа OZEN бөліп төлеу картасын ұсынды. Олай болса, бұл материалдан оның сөссіз артықшылықтарына назар аударыңыз. 

Шекараларда да шексіз сауда 

Тауарды бөліп төлеуге сатып алар кезде кей дүкендерде мұндай жүйе болмай жатады. Одан бөлек, шетелде жүрген кезде де бөліп төлеу карталары жұмыс істемей қалады. Ал Home Credit Bank-нің жаңа OZEN картасымен банктің қай дүкендермен серіктес екенін тексеруге қажет жоқ. Карта дүние жүзінің барлық дүкеніне жарамды. 

Несие лимиті – 2 миллион теңгеге дейін

OZEN бөліп төлеу картасы маңызды жоспарларды жүзеге асыру үшін қаржылық резервті қамтамасыз ете алады. Кез келген уақытта алдыңыздан керемет мүмкіндіктер пайда болатын заманда қаражаттың болуы өте маңызды. Осындай жағдайда жоспарланбаған шығындар үшін жоғары лимитті несие тұрақтылықты қамтамасыз етеді. OZEN бөліп төлеу картасы арқылы өзіңізде шұғыл мәселелерді шешуге жеткілікті қаражат бар екеніне сенімді жүресіз.

OZEN бөліп төлеу картасының лимитінің мөлшері әрбір жағдайда жеке анықталады. Алты айға дейінгі мерзімге ең жоғары шек– 2 миллион теңге.

6 айға бөліп төлеу 

OZEN бөліп төлеу картасы қаржыңызды дұрыс басқаруда және еш қысымсыз сауда жасауда көмектеседі. Картаның иелері қолма-қол ақшасыз-ақ интернет-дүкендерінен, мобильді қосымшадан төлемдерді (ұялы байланыс операторлары мен букмекерлік кеңселерді қоспағанда) жүзеге асыра алады. 

Ал бөліп төлеудің берешек қаражатын банк карталары, филиалдар мен терминалдар арқылы өтеуге болады. Банк сізге төлем сомасы мен өтеу мерзімі туралы SMS пен мобильді қосымшада хабарлама жібереді.

Тез рәсімдеу 

Сіз OZEN картасын толығымен тегін және мүмкіндігінше қысқа мерзімде алуға өтініш бере аласыз. Бұл үшін сізге барлық құжаттар топтамасын ұсынудың және кепіл іздеудің қажеті жоқ. Үйге тегін жеткізуге тапсырыс беруге немесе банк бөлімшесінен алсаңыз болады. Кейін банктің мобильді қосымшасы арқылы оны іске қосасыз.

Әдетте картаны рәсімдеу уақыты 5 минуттан аспайды.

Tap&Go 

Жыл сайын көпшілік картасыз онлайн төлемге көшуде. Себебі қазір смартфон әмиянға қарағанда қолымызда жиірек болады. Ал төлем жасағанда оны терминалға жақындатсаңыз болғаны. Кейбір жағдайларда картасыз онлайн төлем клиенттерге қауіпсіздік сезімін де тудырып жатады. Өйткені төлем жасауда банк картасын біреуге берудің қажеті жоқ. Жүйенің өзі деректерді құпия сақтайды.

OZEN картасыз онлайн төлеу функциясын қолдайды. Картаның өзін емес, оның деректерін пайдалана отырып, сатып алуды әлдеқайда жылдам ете аласыз. OZEN бөліп төлеу картасын Apple Pay, Samsung Pay, Google Pay және Garmin Pay қызметтері арқылы пайдалануға болады.

Комиссиясыз

Айтпақшы, адамдардың қолма-қол ақшаға қарағанда картасыз онлайн төлемді жиі қолдануының тағы бір себебі аударымдар үшін алынатын жоғары комиссия.

Home Credit Bank өзінің жаңа бөліп төлеу картасымен тамаша шарттарды ұсынады. Сіз қолма-қол ақшаны алып, комиссиясыз аударымдар жасай аласыз. Дегенмен, мұндай жағдайларда пайыздық мөлшерлеме айына 3%-дан есептеледі. Бұл жылдық 36%-ды құрайды. Мысалы, сіз 10 мың теңгені шешіп алсаңыз немесе аударсаңыз, бір айдан кейін 10 300 теңге болады. Есеп тек осы кезеңге арналады, ал сыйақы сомасы 300 теңгені құрайды.

Тегін қызмет көрсету

OZEN бөліп төлеу картасы жақын арада үлкен сауданы жоспарламасаңыз да, алдағы күндері қаржылай тарықпас үшін өте пайдалы. Осылайша күтпеген шығындар үшін қолыңда әрқашан белгілі бір сома болады.

Картаны қазірден бастап рәсімдей аласыз. Енді осы картамен қызмет көрсетуге ақы төлемей-ақ қажет болған жағдайда керегіңізге пайдалана аласыз.

Талқылау