Ақтауда құрылыс компаниясының басшылары салынып бітпеген үй үшін салымшылардан 400 миллион теңге алған
Ақтауда "Атамекен" тұрғын үй кешенін салушы "Багис" ЖШС басшылығы әлі аяқталмаған ғимарат үшін салымшылардан 400 миллион теңге ақша жымқырды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қаржы мониторингі агенттігінің мәліметінше, тергеу барысында ЖШС директоры 2017 жылдың наурызы мен 2022 жылдың қыркүйегі аралығында тұрғын үй кешенін құрылысын аяқтауды сылтау етіп 119 үлескерден ірі көлемде ақшалай қаражат иемдегендігі анықталған. ЖШС басшысына қатысты "қамауда ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.
“Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүріп жатыр, қосымша сот сараптамаларын жүргізу күтілуде, оның нәтижелері бойынша күдіктінің іс-әрекеттеріне түпкілікті құқықтық баға берілетін болады”, – делінген хабарламада.
Өзге ақпарат Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Қазақстанда күз келсе де күн неге жаздағыдай жылы: Cиноптиктер себебін айтты
Әлемдік климат тұрғысынан 2026 жылдың соңы мен 2027 жылдың алғашқы айлары маңызды кезең болмақ
Алматыдағы "Достық Плаза" маңынан түлкі байқалды: Зоолог мұның қалыпты жағдай екенін айтты
Зоолог Алексей Грачев түлкілер түрлі аурулардың, соның ішінде құтырудың тасымалдаушысы болуы мүмкін екенін де ескертеді